$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда қанша адам тірі тауарға айналды?

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
1522
Қазақстанда қанша адам тірі тауарға айналды?

Қазақстанда Адам саудасы азаймай тұр. Құлдыққа жегілген, еңбегі қаналған, сексуалдық құрбандар саны қылмыстық істерден әлдеқайда көп. Бұл туралы адам саудасына қарсы күрес мәселелеріне арналған құқықтық форумда, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Бүгінде бұл бап бойынша әрбір үшінші қылмыстық іс тоқтатылады екен. Жалпы ел ішінде қанша адам тірі тауарға айналды? Саладағы өзекті мәселелелер қандай? Тілшіміз тарқатады.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше бұл мәселеде сұрақ көп, жауап аз. Өйткені көп жылдар бойы адам саудасы мәселесімен ешкім кешенді түрде айналыспаған.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазір бізде адам саудасының құрбаны туралы толық мәлімет жоқ. Неліктен олар оған айналады? Олар «тұзаққа» қалай түседі? Неліктен олар одан шыға алмайды? Неге өз құқықтарын білмейді, неге полицияға бармайды? Неліктен еңбек мигранттары құлдыққа түсу қаупін әшкерелеп, көлеңкеде жүргені тиімді? Жағдай бұл саланың әрқашан жасырын болуымен қиындайды. Мұнда көптеген сұрақтар бар.

Дейтұрғанмен биыл адам саудасына қатысты 73 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, тергелуде. Негізінен еркінен тыс құлдықта ұстау, сол арқылы еңбегін қанау, жезөкшелік. Бүгінгі таңда Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 60-тан астам көпжақты келісімдерге қол қойған. Оның 13-і құлдықтың қазіргі түрлеріне қарсы тұруға тікелей байланысты. Бірақ бұл бізде нақты заң жоқ дейді,-құзырлылар

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бәрі бірінен бірі алшақ кеткен. Арнайы заң жоқ. Зардап шеккендерді айтпағанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің де толық құқықтық ақпараты жоқ. Жауапкершілік нақты емес. Сұрауы жоқ. Қарапайым ғана уәкілетті органдар анықталмаған. Нақты құзырет жоқ. Алдын алу, тәуекелдерді анықтау мәселелерімен ешкім жүйелі түрде айналыспайды.

Форумға қатысқандар «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң қажет екенін мойындайды. Президент бұған қатысты тапсырма да жүктеген. Бірақ Заңның әлі жобасы әзірлеп жатқаны белглі болды. Құжат қабылданған жағдайда, адамдарды шетелге саудалағысы келетін қылмыстық топтарға, жезөкшелікке, құлдықта ұстау сынды қылмыстарға тосқауыл болады деп сенеді.

А. Төребекқызы