Риддер қаласындағы үйлерге жылу берілді. Бүгіннен бастап, мектеп пен балабақшалар да қалыпты жұмыс істеуге көшті. Алайда қалада төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ.
Орталық жұмысына қатысты маңызды мәселе күнделікті талқыланып отыр. Мамандар кәсіпорынды түкпір-түкпіріне дейін тексергендерін айтады. Тиісті жабдық жеткізілген. Бекітілген учаскеде 150 адам жұмыс істеп жатыр.
Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жоспарымызға сәйкес, 15-17-і аралығында біз жоғары қысымды №4 қазандықта негізгі монтаждау жұмысын аяқтауымыз керек. Бұл біздің қалыпты жұмысқа оралуымызға мүмкіндік береді.
Төтенше жағдай бойынша тергеу жұмыстарын прокуратура өкілдері жүргізуде. Қосымша энергетикалық бақылау, еңбек инспекторлары мен санитарлық дәрігерлер тартылған. Энергетиктердің пайымдауынша, жылу орталығының жұмысы қалыпты жағдайдан алшақ. Сондықтан монополистерге қойылатын сұрақ көп.
Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жұмыс жағдайының қолайсыздығы қабылданбайды. Бұл анық. Сол үшін мен тиісті салалық қызметін шақырдым.+ Біз бүгін төтенше жағдайларды жоюмен қатар, қалыпты және сенімді еңбек жағдайын қалыптастырамыз.
Дегенмен, қаладағы үйлерде жылу батареялары ысып, ыстық су келе бастады.
Бүгін Риддердегі барлық мектеп, балабақша қайта қалыпты жұмысқа кірісті. Ал, жергілікті тұрғындар арыз жазып, жылу энерго орталығын коммуналдық меншікке беруді талап етіп жатыр. Өйткені олар қыста тағы апат болса, қаланың жылу жүйесі толығымен қатып қалады деп қауіптенеді.
Р. Бақытжанқызы