$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордалық студенттер күріш қалдығынан қағаз шығаруда

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1940
Қызылордалық студенттер күріш қалдығынан қағаз шығаруда

Қызылордалық студенттер күріш қауызы мен сабанынан қағаз шығаруда. Тың бастама бұрын соңды елімізде болмаған. Жас ғалымдар оның сапасы айналымда жүрген кеңсе қағаздарынан кем түспейді деп отыр. Аймақ үшін бұл бастаманың экологиялық жағынан тиімділігі де зор болмақ. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Аймақта бір жылда шамамен 500 мың тонна күріш жиналады. Бұдан шығатын қалдықтың да көлемі соған пара-пар. Дән жиналғаннан кейін, сабандар алқаптарда өртеледі. Ал оның адам денсаулығына зияны көп дейді жас ғалымдар. Сондықтан да күріш қалдықтарын кәдеге жаратып, қағаздың негізгі шикізатын ойлап тапқан.

Мағжан БЕКҚОЖАЕВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Целулоза бізде қарапайым А4 кеңсе тауары болып табылады. Осының құрамында бар. жалпы біз жасаған целулозаның проценті толығымен стандарттық жобаларға сай келеді. Толығымен қағаз болып шығу үшін, біздің алғанымыз кішкене бөлекшері. Бұған бірінші кезекте үлкен жұмыс күші және үлкен үлкен аппараттар да қажет болады.

Бұл шикізаттан кеңсе қағазынан бөлек, салфетка, дәретхана қағазын шығаруға болады. Тіпті, әскери құрылғылар жасауда да қолданылады екен. Мұндай жоба бұрын соңды елімізде болмаған деп отыр зерттеуші-профессор Нұрбол Аппазов. Сондықтан да болар тыңнан түрен салған студенттердің еңбегіне қызығушылар көп екен.

Нұрбол АППАЗОВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІ-ПРОФЕССОРЫ:

Алматы қағаз шығаратын завод бар. сол заводтың өкілдері келіп, біздің жұмыспен қызығып, біздің үлгілерімізді алып кетті. Одан бөлек, ресейлік ғалымдар бар. Ғылым қорының басшылығы да келіп, осы жұмысқа қызығушылық танытты. Қазір инвестор болуға дайын тұрған бизнес әріптестеріміз де бар.

6 жылдық еңбектің нәтижесін көрген ғалымдар күріш сабанын зерттеуді одан әрі жалғастырмақ. Олар енді биотыңайтқыштар жасап жатыр.

М. Тоқтасынқызы