Орталық сайлау комиссиясы 27-отырысын өткізді. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт насихат жұмыстарын қорытындылады.
Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде ақпараттандыру қағидатын сақтаған. Ақпарат тек «жариялану» принципімен жүргізілді. Мұны отандық сарапшылардан өзге халықаралық бақылаушылар да қадағалап отырған.
Данияр ҚАДЫРОВ ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мониторинг қорытындысы бойынша Президенттікке үміткерлер мен олардың сайлау штабтарының қызметіне арналған үгіт-насихат науқаны кезінде БАҚ-та 16 мыңнан астам теларналарда 10288, басылымдарда 2228, интернет басылымдарда 3551 материал орналастырылды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірдердегі сайлау учаскелерін аралаған. Айтарлықтай кемшіліктер жоқ дейді. Тек, бас прокуратура өкілдері заң бұзушылықтың 4 жайтын анықтаған. Олар өз кінәсін мойындап, тиісті әкімшілік шара қолданылыпты.
Жандос ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Елорда тұрғындарының Президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдірудің 2 фактісі, сондай-ақ жеке тұлғалар әлеуметтік медиада сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама өткізудің 2 фактісі бойынша.
Бүгін- сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні. Кандидаттар тиісті іс-шараларды сағат 24:00-де тоқтатады. Ертең -«тыныштық күні» , үгіт жүргізуге тыйым салынады.
Р. Бақытжанқызы