Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті

AstanaTV
01.08.2016ж. 20:00
2631
Қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті

Қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Комитет сайтында жарияланған ақпаратқа сай, Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойындарына 26 спорт түрі бойынша қатысатын қазақстандық спортшылар допинг сынама тапсырған. Қосымша тексеріс 20 шілдеде басталып, 1 тамызда аяқталды.

Сынамалар Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің зертханасына жіберілді. Аталған зертхана Германияның Дрезден қаласында орналасқан. Егер сынамаларда тыйым салынған заттардың бар екенін расталса, атлеттерге ұлттық деңгейде қатаң санкциялар қолданылмақ.

Еске салайық, 2016 жылы өтетін олимпиада ойындары Бразилияның бас қаласы Рио-де-Жанейрода тамыздың 5 мен 21-і аралығында өтеді. Төрт жылда бір рет өтетін байрақты жарысқа әлемнің 206 елі қатысады. 104 қазақстандық спортшы олимпиада қалашығына орналасып, дайындықтарын бастап кеткен.

Берік ХАСЕНОВ