Әкім де сайлаушы! Астана әкімі Алтай Көлгінов Қазақ ұлттық өнер университетіндегі №329 учаскеде дауыс берді.
Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Біз қазір Астана қаласы, Алматы ауданы, 329 сайлау учаскесінде тұрмыз. Мұнда осы аумаққа 2855 сайлаушы тіркелген. Таңғы 07:00-ден өз жұмысын бастаған сайлау учаскесіне яғни өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге келгендердің бірі – Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов .
Алтай КӨЛГІНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Біз де сайлаушымыз. Сондықтан өзіміздің азаматтық, конституциялық борышымызды орындадық деп есептеймін. Өздеріңіз көргендей таңнан бастап 400-дей сайлау учаскелері қаламызда ашылды.
Қала тұрғыны Амандық ақсақал елде өткен сайлаудың ешқайсысынан қалмаған. «Бұл – ел үшін маңызды» дейді ол.
Амандық ЖОЛДЫБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ескі сүйекпіз ғой біз. Талай сайлауды өткіздік бастан, түгелдей. Мына сайлау да жақсы. Халқымыз аман болсын. Тыныштық заман болсын.
Роза ШЫМБЕРГЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мен зейнеткермін үйдегі. Жеті баланың анасымын. Осы жақта тұрамын. Көңіл-күй өте жоғары. Елімізде тыныштық болсын. Көркейе берін. Жаңа Қазақстанда өмір сүрсін деймін. Солардың болашағы жарқын болсын деп бүгінгі сайлауға дауыс беруге келдім.
Ержан ҚҰЛЫМБЕТОВ, №329 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Комиссия мүшелері 9 адам бекітілген. Барлық комиссия мүшелерінің тәжірибесі мол. Бақылаушылардан осы таңда 5 адам отыр.
Астанада 406 сайлау учаскесі бар. Оның барлығында дауыс беру талапқа сай өтіп жатыр.
Р. Бақытжанқызы