Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Әлемнің 37 елінен 44 шетелдік БАҚ Тоқаев штабына келді

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
1022
Әлемнің 37 елінен 44 шетелдік БАҚ Тоқаев штабына келді

Әлемнің 37 елінен 44 шетелдік журналист Тоқаевтың штабына келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания сынды елдерден келген БАҚ өкілдері бар. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды. Кездесу қорытындысында шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізілді. Оның барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы журналистерді қызықтырған барлық сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, сайлауалды кезеңдегі штаб қызметімен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламенттік Ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының және Америка Құрама Штаттарының және т.б. халықаралық байқаушылары да танысты.

Ә. Дүкембаева