Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда мемлекеттік корпорация басшысы 600 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
1536
Оралда мемлекеттік корпорация басшысы 600 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырған

Оралда 600 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 9 жылға сотталған мемлекеттік корпорация басшысының жазасы қысқартылды. Ал оның екі сыбайласы бостандыққа шықты.

Сот материалдарына сүйенсек, «Аграрлық несиелік корпорацияның» Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Оңғарбек шаруаларға берілетін арзан несиенің 600 миллион теңгесін жымқырған. Қызмет бабын асыра пайдаланған ол серіктерімен бірге мемлекеттік бағдарламаны сауын сиырға айналдырыпты. Яғни, қожалықтарға берілген несиенің бір бөлігін өзі иемденіп, кейін несиені өзі рәсімдеудің амалын тауыпты. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамай, шағым түсірген. Істі қайта қараған сот берілген жазаны жеңілдетті.

Азат ІЗБАСАРОВ, БҚО СОТЫ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ерболат Оңғарбекке 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айрылады. Айыпталушыларға қатысты үкімнің негізгі бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.

Е. Карин