Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Қара судың өзі қымбат",- тұрғын

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
1034
"Қара судың өзі қымбат",- тұрғын

Дәрі-дәрмек тағы қымбаттады. Energyprom сарапшыларының айтуынша, баға биыл 13 процентке өскен. Азық-түлік, тұрмыстық заттардың құны онсыз да шарықтап барады. Осылай деген жұртшылық айлығын шайлығына жеткізе алмай жүргендерін айтады. Телеарна тілшілері өңірлердегі жағдайды жеткізеді.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қарағандыда дәрі- дәрмек 13% - ке қымбаттады. Фармацевтердің мәліметінше, әсіресе тұмау мен жүрек қан тамырлары, бүйрек, асқазан ішек жолдарын емдейтін препараттарының бағасы көтерілген. Сарапшылардың бағалауынша, бүкіл Қазақстан бойынша фармацевтикалық өнімдер құны өскен.

Тұрғындар препараттардың 1-2 есеге дейін қымбаттағанын айтады. Әсіресе шетелдік дәрілерді алу қиын дейді.

БЛИЦ:

- Менің екі балам бар, мысалы ОРВИ мен ауырып қалса бізге иммуномодульятор жазып береді, олар 3 мыңнан артық болады бағалары. сондықтан өте қымбат, жәй ғана витаминдер де болсын өте қымбат.

- Аяғым ауырады дәрі алу үшін получается көп без выходных жұмыс істеуім керек.

- Ай сайын құрыды дегенде бір 10-15 процентке қымбаттап жатқан шығар. Қарапайым аспирин, парацетомолдың өзі кәдімгідей қымбат. Мысалы аспиринді өткен айда 50-100 теңгеге алатын болсақ, қазір минимум 150 теңге.

Дәрі-дәрмек бағасы Қазақстанда 13,3% - ке көтерілген.Ең жоғары баға -Алматы қаласында. Онан кейін Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл облыстары тұр.

Қазақстан алыс, жақын шетелден 1 миллиард доллардан астам қаржыға 19 тоннадай фармацевтикалық өнім алады. Көбі -Қытай мен Ресейдің дәрісі.

Гүлмира АЙДАРХАНОВА, ФАРМАЦЕВТ:

Дәрінің аздап қымбаттағаны рас.Барлық препараттар басқа бағада келіп жатыр. Ол фирмалардың бағаны қалай қоюына байланысты. Мысалы жүрек, бүйрек дәрілері әр түрлі бағада келіп жатыр.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ :

Шұғыл желілерге дәрі бағасына қатысты шағым жиі түсуде . Тұрғындар әсіресе шетелдік өнімдердің қымбаттығын айтады.Отандық препарат түрі аз, әрі оған сенбейтіндер көп. Оның үстіне биыл елімізде дәрі бұрынғыдан аз дайындалған. Әрі қарай сөзді Павлодардағы әріптесім Өзгеріс Қуанарға берем, Өзгеріс, сіздерде еттің бағасы өсті дейді. Оның себебі неде?

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Павлодарда ет бағасы бір жылда 20 процентке қымбаттаған. Қазір базарда баға шарықтап тұр. Көпшілік көп тұтынатын сиыр етінің ең арзаны - 2500 мың теңге.

Ал жылқы еті тіпті қымбат. Бір келісі 3000 теңгеден сатылып жатыр. Ал, қой еті -2700 теңге.

БЛИЦ:

- Бұрынғыдай емес, өте қымбат қазір. Амал жоқ ғой аламыз.

- Еттің бағасы қымбат. Біз жартылай аламыз.

- Қарағым, қымбат. От пенсия до пенсию живем.

Ет бағасының шарықтауын сатушылар мал азығының қымбаттауымен байланыстырады. Өйткені, өздері де қымбатқа сатып алатындықтан, жоғары бағада сатуға мәжбүрміз - деді.

Светлана МАНЕНОК, САТУШЫ:

2 мыңға дейін көтеріледі. 2500-ден сатамыз. 2200-ден сатамыз. Жаңа ғана 2200-ден саттым.

Әкімдік өкілдері де ет бағасынының қымбаттағанын растады. Бірақ, сиыр және тауық етінен басқасының бағасын бақылау құзырымызға кірмейді - дейді.

Талғат ДҰҒАЛОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сиыр еті орташа 100 теңгеге, тауық еті 150 теңгеге. Тауық еті бойынша «Қызылжар» құс фабрикасы модернизацияға тоқтады. Сиыр еті сезенный характер дейміз ғой кішкене қымбататтты.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Биыл құс еті 29 процентке көтерілген. Шұжық өнімдерінің бағасы да аспандап тұр. Павлодар ет өнімдері қымбаттаған өңірлер арасында екінші орында. Ал Жамбылда не қымбат? Берік, сөз сенде...

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Жамбыл жұрты да алған айлығымыз шайлығымызға жетпейтінін айтады. Көшеде кез-келген адамнан сұрасаң, қазір қамбаттамаған нәрсе қалмады дейді.

БЛИЦ:

- Күнімізді көруіміз керек, бала - шағамызды асырауымыз керек. Өзімізге дәрі керек. Бәрі қымбатшылық, қымбаттап жатыр күннен күнге.

 - Міне май алдым мың теңге дейді, бұрын осыны 650-700 алытынбыз қазір мың теңге деп тұр. Құдайдың қара суы да қымбат қазір.

- Бәрі қымбаттап кетті. Жұмыртқа да қымбаттап кетті. Базарға барсаң күніге баға өзгеріп тұрадығой. Айлықты көтермейді, бірақ бәрі қымбаттап жатыр.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Бүгін үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев қазақстандықтарды қыста көкеніспен қамтамасыз етуде мәселе жоқ, көкеніс көлемі жеткілікті болады деп сендірді. Қоймадағы өнім биыл жылдағыдан көп деді.

Ө. Қуанар