Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбелік тұрғындар ауыл маңынан полигон салынуына қарсы

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
1046
Ақтөбелік тұрғындар ауыл маңынан полигон салынуына қарсы

Ақтөбеде Бауырластар ауылының тұрғындары шу көтерді. Олар ауыл маңынан Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қалдықтарын тастайтын полигон салынуына қарсы. Оған 15 гектар жер бөлінген. Ауыл тұрғындары бұл жерде полигон орналастын болса экологиялық қауіп төнеді деп қорқады.

Данияр ШӘКЕНОВ, БАУЫРЛАСТАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қасымыздағы карьеріміз тереңдігі 10-15 метр соған АЗФ шлам, топырағын төгіп, кологияға зардабын тигізіп, ертең біздің ішіп отырған суымызға түсейін деп тұр. Могальник сияқты ғой завуыттың қалдықтарын химикаттарын біздің ауылдың айналасына карьерге төгіп, халықтың ішіп отырған суын улайын деп тұр.

Асан ҚҰРБАНОВ, БАУЫРЛАСТАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Талабымыз бұл жерде оны көмбеу керек. Ауылға жақын ғой міне тиіп тұр. Жер асты суы қосылады. Осы Сазды скважин барлығы бүкіл Ақтөбеге су келіп тұр. Тек Бауырластар ғана емес. Суға қосылады уақыт өте. Радиация күшейіп, халықтың балдардың денсаулығын бұзады.

Бұл ауылда алты мыңға жуық халық тұрады. Қазір арнайы жоба жасалып жатыр екен. Желтоқсан айының басында қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланған. Бірақ зауыттың өкілдері бұл жерде полигон емес жылыжай болады деп халыққа басу айтып отыр.

Руслан ИБРАЕВ, «ERG-RECYCLING» ЖШС БАТЫС АЙМАҚТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бұл жерде жылыжай салуды жоспарлап отырмыз. Экологиялық талапқа сай. Жергілікті халыққа жұмыс орындары ашылады. Бұл зауыт. Не фабрика емес жылыжай. Қазір барлық халық қалдықтарды тастайды деп шулап жатыр. Маған қалдықтарды көметін жер керек болғанда мен сондай қызметке жүгінетін едім немесе полигонға лицензия алып, қалдықтарды жоятын едім.

Б. Рахметова