Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2010 жылдан бері қарай туған баланы ұруға болмайды

AstanaTV
29.11.2022ж. 20:00
3131
2010 жылдан бері қарай туған баланы ұруға болмайды

2010 жылдан кейін дүниеге келген балаларды ұрмаңыз! Психологтар осылай дейді. Себебі, олар - альфа ұрпақтары. Арасында өзіне дейінгі буыннан бірнеше есе асып туғандар, вундеркинд оқушы, тіпті әлемді сақтап қалатын адам болуы мүмкін. Сондықтан мамандар ата-ана балаға назар аудармаса, түрлі психологиялық проблемаларға тап болуы әбден мүмкін дейді.

Альфа ұрпақтары – осылар. Олар үшін робот құрастыру да қиын емес.

Түрлі техниканың тілін біледі. Шексіз мүмкіндікке ие болса да, психологиялық тұрғыда бірақ әлсіз. Бесіктен белі шықпай жатып, сандық техногологияны меңгерген бүлдіршіндердің мінез-құлқы да, дамуы да ерекше. Олармен тіл табысу да қиын.

Айгүл НАУРЫЗБАЕВА, ПСИХОЛОГ:

Құрсақта жатқанда ата ана сенсорный технологияны қолданып бастағандықтан балалар дүниеге келген кезде алфадтарды ұстап дүниеге келді олар. Яғни бұлар көбінесе көп мәліметті бір уақытта алуға дайын жаялықта жатып ақ. Бәленбай ақпаратты тез сіңіріп алатын ұрпақ.

Алма Сайлауқызы – көпбалалы ана. Айтуынша, балаларды ұрып тәртіпке келтіру мүмкін емес.

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Біз не жасаймыз, балаға сен айтқаныңда ғана емес, істегеніңді үйрете аласың. Сондықтан өзіміз үлгі болуға тырысамыз. Заманауи ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге тырысамыз.

Дәрібек ОҢАЛСЫН, ТІЛШІ:

1980-1996 жылғы балалар миллениал ұрпақ деп аталды, 1997-2010 жылғылар- буын зумерлер. Ал олардан альфаның айырмашылығы тіпті ерекше. Алайда, альфалар жансыз роботқа айналып кетпей ме деген қауіп бар. Технология толқынын тоқтата алмасақ та, олардың бойынан адамдық болмысты өшірмейтін, эмоция беретін -ата-ана.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Ата ана бірінші өз өзің тәрбиелеу керек. Әкесі мен шешесі үлгі ретінде болса балада ары қарай сол жолмен кетеді.

-Дәстүрімізді қолдап ата әжелеріміздің айналысқаны дұрыс деп есептеймін.

-Отбасынан басталады ғой енді бәрі жақсы тәрбие беру керек. Негізі ата ананың өзі жақсы болу керек ғой бірінші.

Бала тәрбиесінің алғашқы ұстазы - ата ана. Сондықтан әр ата- ана өз баласына көңіл бөлген дұрыс. Сонда ғана өскелең ұрпақ тәртіпті, білімді, әрі арман-мақсаты айқын болады.

Д. Оңласын