Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Контрабанда және заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
30.11.2022ж. 20:00
1049
Контрабанда және заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысындағы кеден бекетінде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас "Қазығұрт" кеден бекетінде арнайы операция жүргізді. Ұсталғандар кеден бекетіндегі жемқор қызметкерлердің көмегін пайдалана отырып, "брокерлік қызметтер" көрсеткен, тауарларды жалған құжат бойынша заңсыз әкеліп жүрген. Онымен қоса, көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне жағдай жасаған.

Абдуғалил БЕКБАЕВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Жасөспірім балалар, 20-30-ға келген балалар. Алдымыздағы машиналарды 80 мыңнан өткізеді. Простой машналарды арзан өткізеді. Әрқалай, келіскендеріне қарай. 10 мың- 15мың алады.

Жедел топ бүкіл қылмыстық схеманы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда.

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Бір жүк көлігі кедергісіз кіріп-шығуы үшін тасымалданатын жүкке байланысты 200 мың теңгеге дейін ақы алынған, бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен. Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қарудың түрлері, "қара кассаның" есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді.

А. Базарбай