$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда жаңа жылдық безендіруге 600 млн теңгеге дейін қаражат жұмсалуы мүмкін

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
2079
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 600 млн теңгеге дейін қаражат жұмсалуы мүмкін

Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталып кетті. Алматы қаласын безендіруге шамамен 600 млн теңгеге дейін қаражат жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Қала әкімдігі екі жылдық карантиндік шектеулерден кейін мерекелік атмосфераны жандандыруды мақсат тұтып отыр. Айтуларынша, шаһардың басты шыршасы Абай алаңында орнатылады. Сондай-ақ, қаланың әр ауданына бөлек шырша қойылады. Көшелер тақырыптық шағын архитектуралық формалармен, иллюминация және фотоаймақтармен безендіріледі. Айта кету керек, жаңа жылды мерекелеуге кететін шығынның нақты көлемі арнайы конкурс аяқталған соң белгілі болады. Дегенмен, кейбір тұрғындар мұны бос ысырапшылдық дейді.

БЛИЦ:

- Безендірудің бәрі ысырап, негізі. Әдемілеп бір-екі площадь жасаса жетеді. Ертең мусорға тастайды, болды. Оны бір рет алып жақсылап 5-6 жылға алдын ала қарастыруға болады ғой.

- Мысалы, мектептерге жұмсауға болатын еді. Басқа да универлерге, инвалидтерге көмектесуге. Басқа да маңызды заттар бар деп ойлаймын.

- Аударма/ Безендіру керек, әрине, бірақ қаржатты дұрыс жұмсау керек. Оның орнына әлеуметтік салаларға көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

М. Жақан