$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қалалық автобустардың едәуір бөлігі ауыстыруды қажет етеді

AstanaTV
12.12.2022ж. 20:00
1041
Қалалық автобустардың едәуір бөлігі ауыстыруды қажет етеді

Қазақстандағы қалалық автобустардың 50% -ке жуығы ауыстыруды қажет етеді. Ол 5 мыңнан астам көлікті құрайды. Бұл туралы "AMANAT" партиясы жанындағы көлік және логистика комитетінің отырысында айтылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, бұл бұрыннан көтеріліп келе жатқан мәселе. Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен 80 млрд теңге бөлінген. Жүргізушілердің тапшылығы тағы бар.

Алмаз ЫДЫРЫСОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ағымдағы жылға 30 млрд теңге көлемінде қаражат бөле отырып, бастапқы жарнасыз жеті жылға дейінгі қарыз мерзімі бар автобустарды сатып алу үшін жаңа лизингтік бағдарлама қолданылады. Сондай – ақ, D санатындағы куәлікті алуды жеңілдету мәселесі пысықталды. Атап айтқанда, жас талабы 25 жастан 23 жасқа дейін, жүргізуші өтілі – бес жылдан үш жылға дейін және D1 санаты бойынша-үш жылдан бір жылға дейін төмендетіледі деп жоспарланып отыр.

Ә. Дүкембаева