$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ақтөбедегі мұз айдыны сот шешімімен мемлекет меншігіне өтті

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1222
Ақтөбедегі мұз айдыны сот шешімімен мемлекет меншігіне өтті

Ақтөбеде дау болып, талас тудырған спорт кешеніне қатысты сот шешімі шықты. Шетелдік инвесторлар иелік еткен мұз айдыны бұдан былай жергілікті әкімдіктің меншігінде болады. Бұл спорттық нысан 2018 жылы ашылған. Екі жарым мың адамға арналған мұз айдынын Словакиялық инвестор мемлекеттік жеке серіктестік аясында салған. Келісім шарт бойынша инвестор өз шығынын өтеп болған соң, 2024 жылы мемлекет меншігіне беруі тиіс. Жергілікті әкімдік инвестордың банк алдындағы қарызын мерзімінен бұрын өтеп, спорттық кешенді мемлекеттік балансқа беруді сұраған. Алайда инвестор кешенді қайтармас бұрын 300 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етті. Ақырында бұл іс сотқа жетіп, оның талап арызы қанағаттандырылған жоқ.

Нұргүл ТАҢКИЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарсы талап арызы қанағаттандырылсын. «H+H TECHNIKA» Жауапкершілігі шектеулі қауымдастығы меншігіндегі Ақтөбе қаласындағы Мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылсын. «H+H TECHNIKA» жергілікті бюджетке 86 млн.796 мың 226 тг теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндірілсін.

Б. Рахметова