Елордада 290 орынға арналған мемлекеттік балабақша ел игілігіне берілді. Мектепке дейінгі мекемеде бала тәрбиесіне қажеттінің барлық құрал бар. Түрлі шығармашылық және спорттық үйірмелер де қарастырылған.
Тәуелсіздік мерекесінде есігін айқара ашқан мемлекеттік «Мирас» балабақшасы Жағалау ықшам ауданыдағы екінші мектепке дейінгі ұйым. Нысанның қолданысқа берілуі жергілікті тұрғындар үшін ерекше сый болды. Өйткені жұртшылық мектепке дейінгі мекеменің жетіспейтінін бұған дейін де айтқан болатын. Мұнда бүлдіршіннің жан-жақты дамып, ой-өрісінің жетілуіне тиісті жағдай жасалған.
ҚАСЫМХАН СЕНҒАЗЫЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жалпы балабақшаларға қалада сұраныс үлкен. Жекеменшік балабақшалар арқылы және мемлекеттік балабақшаларда балаларды орналастыру бойынша қазір 3 пен 6 жас аралағында 99 пайыздан артты, балаларды қамту. Балаларды оқумен тәрбиелеумен қамту үшін тағы да осы бір балабақшаны ашып жатырмыз.
Мектепке дейінгі ұйым 290 балаға шақталған. 2 мен 6 жасқа аралығындағы балғындар тек ана тілімізде тәрбиеленеді. Бөбекжайда ән, би, робототехника, сурет салу тәрізді өнердің сан түріне жаттығатын кабинеттер қарастырылған. Балалардың білімін жетілдіріп, зияткерлік қабілетін артыратын жабдықтары да сақадай сай.
АЛМАГҮЛ НҰРҚАБЫЛОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:
Бұл балабақшаның ерекшелігі көп кабинеттер бар екен. Сол кабинеттерден қосымша ақылы үйірмелер. Оның ішіде қазір үлкен сұранысқа ие логопед маманын ата-аналар көп сұранысқа ие болып жатыр осы ауданда. Соған орай логопед кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз.
Алдағы уақытта инклюзивті және корекциялық бағыттағы топтар да ашылмақ. Жас өскіндерге 27 тәрбиеші тәлім береді. Жалпы 56 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Қалада келер жылы мемлекет тапсырысымен тағы 9 мың орынға арналған жекеменшік балабақшалар салынбақ. Қазір бас қалада 56 мың бүлдіршін балабақшаға барады. 400-ден астам мектепке дейінгі ұйымның, 313-і жеке меншік.