$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

AstanaTV
20.12.2022ж. 20:00
1446
Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Өкінішке орай, көлік соққан 48 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға кеше түнде қаладағы Әуезов көшесінің 52 а үйі тұсында орын алды. Алғашқы көмек көрсетпестен, бой тасалаған жүргізуші көлігін жасырып қойған. Полицейлер іздестіру барысында сол маңдағы гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігін тапты. 34 жастағы азаматтың көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Күдікті қамауға алынды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабымен тергеу басталды.

Ерсін ҚОЖАХМЕТОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жедел іздестіру нәтижесінде автокөлік Стаханов көшесінің бойындағы гараждар арасынан табылды. Автокөліктің жүргізушісі сол жерге оқиға орнына келді. Аталған автокөлік жүргізушісімен бірге анықтау басқармасына тапсырылды.

Б. Нәдірқызы