Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Жастар Рухының» үздік волонтерлері мен белсенділері марапатталды

AstanaTV
22.12.2022ж. 20:00
931
«Жастар Рухының» үздік волонтерлері мен белсенділері марапатталды

Бүгін алғаш рет «Рухтастар» жастар сыйлығы табысталды. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының үздік волонтерлері мен белсенділері қоғамдық қызметі, еліміздегі жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. Оларға арнайы статуэтка мен сертификат берілді. Салтанатты шараны ашқан «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов жастар дамудың негізгі қозғаушы күші саналатынын атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Президент айтты ғой. «Әділетті Қазақстан» жастарының бойында үш қасиет табылуы керек деген сөз. Ол терең білім болуы керек. Отансүйгіш және еңбекқорлық болуы керек. Осы 1-2 жылда еліміз түрлі сынақтардан өтті. Бұның бәрінің бел ортасында жастар рухының мүшелері болды. Енді «Әділетті Қзақастанды» әрқайсымыз бірігіп, бір тудың астында бірге болып, бірлесіп, құрамыз деген ешқандай күмәнім жоқ.

«Қайсар» жыл батыры номинациясына Жаңаөзен қаласының полиция аға лейтенанты Әлібек Басбаев лайықты деп танылды. Ол өз өміріне қатер төніп тұрғанына қарамастан, үшінші қабаттан құлай жаздаған аутист баланы құтқарып қалды.

Әлібек БАСБАЕВ, «ҚАЙСАР» ЖЫЛ БАТЫРЫ АТАЛЫМЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Оқиға болған жерге барсақ есігі құлыптаулы тұрған екен. Анасы сыртынан кілттеп кеткен екен. Ішіндегі бала дәрігерлердің айтуынша аумизммен ауырады. Ол ішінен тағы да құлттап алған. Ашайын десе аша алмайды. Сондықтан мен дереу әрекеттер жасап, екінші этажға барып, көрші үйдің терезелері арқылы үшінші этажға мініп, баланы аман-есен құтқарып, анасына табыстадық.

Аяулым РАСЫЛХАН, «РУХТЫ БЕЛСЕНДІ» АТАЛЫМЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Пандемия кезінде өте үлкен жұмыс түсті бізге. Күніне 250-300-350 ден астам отбасыларға азық-түлік тараттық. 120 мыңнан астам маска тараттық. Сонымен қатыр көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі үлкен кісілер солар үйден шыға алмай қалған кезінде үйлеріне дейін масканы, медикоментті, азық-түлікті апарған болатынбыз.

Р. Бақытжанқызы