Елімізде ауа райының күрт нашарлауына байланысты тас жолдардың 122 учаскесі жабылды. Оның ішінде Республикалық маңызы бар 42 учаскеде дизельмен жүретін көліктер мен автобустардың жүруіне тиым салынды. Кей аймақта ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан мамандар алыс жолға шықпауды ескертеді.
"ҚазАвтоЖол" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ:
Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс жолға шықпауға, ауа райы болжамын бақылап отыруға шақырамыз. Трассаларға қатысты нақты ақпаратты "1403" байланыс орталығына тәулік бойы қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Д. Онласын