$488.45 €529.19 ₽5.04
×

СІМ табыс табу мақсатымен шетелде жоғалған қазақстандықтар туралы пікір білдірді

AstanaTV
11.01.2023ж. 20:00
2672
СІМ табыс табу мақсатымен шетелде жоғалған қазақстандықтар туралы пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі шетелде жоғалған қазақстандықтар туралы пікір білдірді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрім Оңтүстік-Шығыс Азияның «алтын үшбұрышы» деп аталатын аймақта еңбек құлдығына түскен.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында олар Тайландтағы елшілігімізбен байланысқа шықты. Олардың ата-аналары да тауып беруімізді өтінді. Не айта аламыз? Бұл- бірінші рет емес. Дәл осындай жағдай осыдан бірнеше ай бұрын тағы бір азаматымыздың басына түскен.

Бұл жолғы жағдай тіпті күрделі. Отандастастарды іздеу жұмысына мемлекеттік органдармен қатар үкіметтік емес ұйымдар да атсалысуда.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Онда тек Қазақстан емес, басқа елдердің де азаматтары бар. Сондықтан мәселені кешенді түрде шешу қажет. Екі азамат бойынша мәселе Таиландтағы елшіліктің бақылауында. Олар былтыр консулға хабарласқан. Алайда биыл жоғалған екі азаматтан хабар жоқ, мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Осы орайда шетелге табыс іздеп баратын азаматтарды барынша абай болуға шақырамыз. Жұмысқа бармас бұрын келісімшартпен мұқият танысқан абзал. Бұл - азаматтардың жеке жауапкершілігі.

Қ. Мерей