Қызылжарда қала көшелерінде еліктер жүр. Биыл теріскейде еліктердің саны күрт көбейген. Тұрғындар кішігірім отарларды жиі кездестіретінін айтады. Ал құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, қолайсыз ауа райына байланысты қараша айында көрші Ресейден жануарлардың ірі миграциясы болған. Былтыр Солтүстік Қазақстанда 15 мың елік тіркелсе, қазір оның саны еселенгені анық, дейді. Сала мамандары ақпан айында санақ жүргізуді жоспарлап отыр.
Олег БЕСПАЛОВ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Далада қар қалың емес. Сондықтан азық қоры жеткілікті. Ал бұл еліктер адам немесе көлікпен әлі кездесіп көрмеген. Қалаға абайсызда кіріп кеткен.
А. Құрманкин