Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Мәжілістің жаңа құрамында ҚХА квотасы болмайды», - Е.Қарин

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
1538
«Мәжілістің жаңа құрамында ҚХА квотасы болмайды», - Е.Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сайлаудың 10 ерекшелігін атады. Ол туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Алдағы сайлаудың басты он ерекшелігі:

 1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы);

 2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды;

 3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды;

 4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді;

 5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады;

6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды;

7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі;

 8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді;

 9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді;

 10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).

Ә. Дүкембаева