$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда ет бағасы 20 процентке қымбаттады

AstanaTV
24.01.2023ж. 22:13
1896
Павлодарда ет бағасы 20 процентке қымбаттады

Павлодарда ет бағасы шарықтап тұр. Сиыр етінің келісі 2600 теңгеден саудаланып жатыр. Ал жылқы еті тіпті қымбат. Келісі 3500 теңгеге жетті. Қой етінің келісі 3000 мың теңге. Еттің қымбаттағанын сатушылар да растайды. Айтуларынша, бұған мал азығының өсуі себеп болған.

Светлена МАНЕНОК, САТУШЫ:

Жаңа жылда еттің бағасы 1950 болып жатыр. Қымбаттаса да сонда да етті алып жатыр кісілер. Алады, етсіз қалай енді.

Ал қараша халық еттің бағасы күннен күнге өсіп бара жатқанын айтады. Сондықтан да, еттің өзін несие аламыз - деп отыр.

ХАЛЫҚ ПІКІРІ:

- Мен өзім көп отбасынан шыққанмын. Жетпейді. Шын, жасыратыны жоқ. Қазір тамақты да каспий редке алады.

- Өте өте қымбат. Қарапайым қазақ ала алмайды. Мысалы, көп баласы барлар. Бір үйде бірнеше баласы барларға өте қиын ет алу.