Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Өрт сөндірушілер жалын ішінен 6 адамды алып шықты

AstanaTV
25.01.2023ж. 08:16
1554
Өрт сөндірушілер жалын ішінен 6 адамды алып шықты

Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатынан өрт шыққаны жөнінде шақырту түскен. Өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, 2-қабаттағы пәтердің 60 шаршы метр аумақта ашық отпен жанып жатқаны анықталды.

Атырау облысы ТЖД өрт сөндірушілері автосатының көмегімен және баспалдақ арқылы 5-қабаттан жедел түрде 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт салдарынан 1969 ж.т пәтер иесі азаматша К.Б. және 1964 ж. т. азаматшаны К.Ж. күйік шалып, облыстық ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел ауыздықтап, көрші пәтерлерге өрттің таралуына жол бермеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылған.