Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Халық қалаулысы қандай болуы керек?

AstanaTV
26.01.2023ж. 20:00
2548
Халық қалаулысы қандай болуы керек?

Халық қалаулысы әділ, шыншыл, адал, ел-жұрттың түйткілін түсінетін, шешу жолдарын ұсынатын адам болуы керек. Саясатты саралап, заңды терең білгені абзал. Мәжіліс пен мәслихат салмақты ой айтылатын тұлғалар мінбері, дейді халық. Сондықтан алдағы сайлауда көптің көңілінен шығатын тұлғаларды көргісі келеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Саяси білімі бар тұлғалардың келгені абзал. Өйткені ол жерде өнер көрсететін жер емес. Ең бірінші бағаланатын қасиет еңбекқорлық ғой негізі. Сол заңдарды білуі керек. Қандай заң шығарғанда кімге тиімді кімге зиян жағын ойлау керек деген сияқты.

- Халықтың ішінен шыққан. Проблемаларын білетін, адал депутатты қалаймын.

- Таза шыншыл. Әділ.Халықтың қамын ойлайтын. Сондай болуы керек.

- Халықтың ортасынан таңдап алған дұрыс деп ойлаймын өзім. Халықтың қамын ойлайтын, қазақ тілін білетін, қазақтың дәстүрін білетін, вот сондай кісілерді ойлаймын.

- Халық сайлағандықтан, қазір мажоритарлық жүйе бойынша сайлап жатыр ғой. Сол бойынша егер халықтың сенімін ақтайтын және халыққа жақын болу керек деген. Сол бағытта жұмыс жасаса депутаттардың статусы көтеріледі.

- Халықтың арасынан шыққан адам болса жақсы ғой бізге. Халықтың жағдайын қарапайым халықтың жағдайын білетін.

- Егер халықтың сөзін сөйлеп расымен мұң-мұқтажын айтатын депутаттар барса шындықты қысылмай, қымсынбай айта алатын және құр ғана айтып қоймай соны жұмыс істеп талап ете алатын адам бару керек деп ойлаймын. Жұмыс істеу керек. Екінің бірі әдемі сөйлей алады. Сондықтан да, сөзі де ісі де түзу адамдар барса деп ойлаймын.

З. Санай