$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мүгедектігі бар балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

AstanaTV
30.01.2023ж. 20:00
1021
Мүгедектігі бар балаларға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

Мүмкіндігі шектеулі мыңнан астам бала мен жас жүйелі түрде спортпен айналысады. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі балаларды спортқа бейімдеу үшін 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Орталық спорттың 11 түрі бойынша балаларды шынықтырады. Қазір бұл бірлестіктің өңірлерде 22 филиалы бар.

Нұргүл ҰЛЖЕКОВА, «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Кедергісіз келешек» деген біздің партиялық жобамыз бар. Оның аясынба біз 2017 жылдан бері «AMANAT» партиясымен бірге бірлесіп осындай ерекше адамдарға арналған спорттық іс-шаралар, бейімделген спорт үйірмелер де ашып отырмыз. Бейімделген жүзу, каратэ, боча, голбол, таэквондо, инклюзияті хореография 11 спорт түрін біз осындай ерекше балаларға бейімдеттік.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың спортқа қызығушылығы артқан кезде олар сау балалармен тең дәрежеде өз мүмкіндіктерін сынай алады. Оған дәлел іс-шара барысында мүгедектігі бар жеткіншектер каратэ бойынша «ақ белдіктен» «қоңыр белдікке» өтті.

А. Задабек