Жаңа
оқу жылы қарсаңында Павлодар өңірінде 6 мыңнан аса жеткіншек материалдық көмекке
зәру екені анықталды. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл сан әлі де арта
түсері анық.
Тамыздың 1-нен басталған «Мектепке жол» республикалық акциясы
қыркүйектің соңына дейін жалғасатын болады. Оның алдында басқарма мамандары
педогогтар, ішкі істер қызметкерлері мен ата-аналардың қолдауымен бес мыңға
тарта ауланы аралап шыққан. Көмек мұқтаж баланың нақты саны - 6351. Мемлекеттік
мекеме өкілдері облыстың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарына оларға қолдау көрсету
туралы хаттар жолдаған. Сондай-ақ мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырылып, оқушыларға
қажетті заттар төмен бағамен сатылмақ.
Ботагөз
Әбілжанова, Павлодар облыстық білім басқармасының бас маманы:
Біздің
шұғыл байланыс телефондарымызға, білім мекемелеріне адамдар келіп, көмек
көрсетсеңіздер дейді. Тізім толық емес. 15 мыңға жуық балаға көмек көрсетеміз
деп ойлаймыз.
Әсемгүл
МҰХИТҚЫЗЫ