Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Атырау облысында бес ауылдың малы кәріз суын ішіп жүр", - тұрғын

AstanaTV
02.02.2023ж. 20:00
1084
"Атырау облысында бес ауылдың малы кәріз суын ішіп жүр", - тұрғын

Атырау облысында бес ауылдың малы кәріз суын ішіп жүр. Құрманғазы ауданының тұрғындары дабыл қағуда. Айтуларынша, кәріз алаңын қоршауды талап еткелі он жылға жуықтаған. Бірақ жергілікті билік құлақ аспай отырған көрінеді.

Уахит МАСАЛОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осыдан 2-3 шақырым жерде мал жүреді. Мына Шароннан басқа жерде су жоқ. Бүкіл мал осы 5 елдімекеннің малы су ішеді осы боқкөлден. Ауданның әкімі, ауылдың әкімі ешқандай халықтың тілегіне құлақ асып жатқан жоқ. Ешқандай жұмыс жасап жатқан жоқ, бірнеше рет айтты «қоршаймыз, қоршаймыз»,- деп.

Ал әкімдіктегілердің айтуынша, ол аумақ кәріз суына арналмаған. Топырақты бөгет салғанымызға қарамастан, заңсыз төгуін тоқтатпай отыр,- дейді. Құрманғазы ауылынан бір жарым шақырым жерде орналасқан алаңның биыл ғана құжаты әзірленген.

Шынболат МУСИН, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол жерлерді ауыр техниканың күшімен бал сияқты соқтырып тастаған болатынбыз. Алайда кейбір тұрғындар өзінің күштерімен жол салып алып төгуде. Қазір әкімшілік полиция бөлімі арқылы шаралар алынып жатыр. Жалпы биылғы жылы құжаттар жасақталды. Соны қоршауға есеп жасақтап жатырмыз. Алдымызда болатын кезекті бюджеттік нақтылауға ұсынылады.

Б. Надірқызы