Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ОСК Мәжіліс сайлауына 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

AstanaTV
02.02.2023ж. 20:00
842
ОСК Мәжіліс сайлауына 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесі қаралды. Комиссия мүшелері Мәжіліс сайлауына 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді. Жалпы, жоспар бойынша сайлауға 330 байқаушы келеді деп күтілуде.

Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен бір шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны аккредиттеу ұсынылды. Оның ішінде Палестина мемлекетінен – 1, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 11, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан – 13 байқаушы. Аккредитациядан өткізу үшін келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңарып отыратын болады.

Ә. Дүкембаева