Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Петропавлда «Мен - чемпионмын» балалар арасындағы спорттық ойын өтті

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
3957
Петропавлда «Мен - чемпионмын» балалар арасындағы спорттық ойын өтті

«Мен  - чемпионмын». Петропавлда осындай атаумен балалар арасында спорттық ойындардың ақтық кезеңі басталды. Республикалық сайысқа «Нұр Отан» партиясы қолдау білдірді. Спорттық шара барысында ел аумағынан келген 16 топ бақ сынап жатыр. Ақтық сынға дейін мектеп арасында, аудан және қалалық жарыстардан 200 спортшы іріктеліп алынған. Сайыс балалар арасында ұйымдастырылғанына қарамастан, талап жоғары,- дейді ұйымдастырушылар. Әрбір топтың өз атауы, төсбелгісі мен арнайы киімі де бар. Қатысушылардың әрқайсысына аймақ басшысы «Мен - чемпионмын» белігісі бар ескерткіш сағаттар табыстады. Айта кетейік, бірінші ойын осыдан 15 жыл бұрын өткізілген.

Қалкен Жахин, ҚР БҒМ тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының міндетін атқарушы:

Білім, ғылым министрлігі осы ағымдағы жылы «Мен - чемпион» атты республикалық  ойынды қолдады. Сол себептен барлық аймақтарда бұл ойын өтті. Сол ойындарда 120 мыңнан астам бала қатысты. Соның жеңімпаздары бүгін осы республикалық финалда қатысып отыр.

Ойынның алғашқы күнінде Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарынан келген жас спортшылар кездесті. «Акула» мен «Ұшқын» топтарының мүшелері қап киіп секіру, найза лақтыру, баскетбол добымен эстафеталық жарыстарда бақ сынайды.

Неделю хорошо готовились. Тренировки каждый день. Готовы. Надеемся победить.