Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Түркия президенті Газиантептегі жарылысты 12-14 жас аралығындағы жанкешті жасағанын мәлімдеді

AstanaTV
22.08.2016ж. 20:00
2367
Түркия президенті Газиантептегі жарылысты 12-14 жас аралығындағы жанкешті жасағанын мәлімдеді

Түркияның Газиантеп қаласында болған жарылысты 12-14 жас аралығындағы жанкешті жасаған. Ел президенті  Реджеп Тайып Ердоған осылай деп мәлімдеді.

Еске салайық, қайғылы оқиға өткен демалыс күндері үйлену тойы өтіп жатқан аумақта орын алған еді. Қаза тапқандар саны бүгінде 51 адамға жеткен, ал 70-ке жуығы түрлі деңгейде жарақат алды. 17 адам ауыр хәлде жатыр. Қаза болғандардың көпшілігі тойда жүрген қонақтар болып шықты.

Бұған дейін Ердоған жарылысқа бірқатар елдерде тиым салынған экстремистік топтар кінәлі деген мәлімдеме таратқан еді. Би-би-си-дің хабарлауынша, Сирияның солтүстігі мен жарылыс болған Газиантеп аймағының оңтүстігінде күрдтермен ДАИШ содырлары арасында қарулы қақтығыстар болып жатыр.