$474.72 €515.17 ₽5.58
×

«Теңізшевройлдың» шағымын Астана қалалық соты қарайды

AstanaTV
22.08.2016ж. 20:00
3321
«Теңізшевройлдың» шағымын Астана қалалық соты қарайды

"Теңізшевройлдың" шағымын Астана қалалық соты қарайтын болды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске салсақ, Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау департаменті инвест-компаниядан қажетті ақпаратқа сұрау салған. Ал ТШО оны коммерциялық мәлімет деп тауып, бұл дау ақыры сотқа жеткен еді. Азаматтық іс әу баста Атырау облыстық экономикалық сотының қарауына түскен. Кейіннен  Жоғарғы сот, істің инвестициялық қызметке қатысы бар деген "Теңізшевройлдың" шағымын қанағаттандырып, дау-дамайды Астана қалалық сотына жолдады. Айта кетейік, жыл басынан бері "100 қадам-ұлт жоспары" бағдарламасына сәйкес, инвестициялық дауларды Жоғарғы сот пен Астана қалалық соты ғана қарайтын болған.

Айдос Сәдуақасов, ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі басшысының орынбасары:

Жоғарғы сот «Теңізшевройл» компаниясының жеке шағымын қарап, осы істі Астана қалалық соты қарауға болады деп шешім қабылдады. Бұл шешім аталған арыздың шағымның инвестициялық қызметпен байланысты болуынан туындап отыр.