Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлыбритания АҚШ басшысын бағынышты етпек

AstanaTV
14.11.2016ж. 20:00
2729
Ұлыбритания АҚШ басшысын бағынышты етпек

Ұлыбритания үкіметі жаңа сайланған АҚШ президенті Дональд Трампты өздеріне бағынышты етпек. Бұл үшін қитұрқы жоспарлар құруда, деп жазады The Times газеті. Лондонды әсіресе Трамптың Ресей мен НАТО-ға қатысты позициясы қызықтырады. Мақалада британ елшісі Ким Дэрроктың сөздері келтірілген. Ол: "Ақ үйдің жаңа басшысы ырықсыз. Сәйкесінше, Ұлыбритания Трамптың саясатына ықпал ете алады", - дейді. The Sunday Telegraph басылымының мәліметінше, Ұлыбритания Трампты Ресейге қарсы қоймақ. Әуелі тараптардың  Сирияға қатысты  ынтымақтастықтарын жоймақ ниетте.

Еске салсақ, таяуда Трамп Сирия басшысы Асадпен емес, ДАИШ лаңкестерімен күресу керек деген еді. Және өзіне қарсы толқуларды тыймай отырған АҚШ халқын саясатынан сескенбеуге шақырды.