Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Президент бейнеленген жаңа банкнот шықты

AstanaTV
15.11.2016ж. 20:00
2694
Президент бейнеленген жаңа банкнот шықты

Бүгін президент бейнеленген жаңа 10 мың теңгелік банкнот таныстырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай шығарылған ақшаның таралымы - 100 мың дана. Жаңа банкнот 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді және есеп айырысуға жарамды. Бұл туралы "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта" тақырыбындағы конференцияда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген көпжылдық еңбегінің куәсі.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Тәуелсіздік тарихы Елбасының жеке басымен тікелей байланысты. Банкноттарда портреттерді бейнелеу жаңалық емес. Нельсон Мандела, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль және басқа да әлемдік деңгейдегі көшбасшылар елдерінің қазіргі заманғы купюраларында бейнеленген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейнесі бар бұл банкнот осы қатарда өзінің лайықты орнын алады деп сенемін.

Жаңа ақшада сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тариx жинақталған. Онда символдық бейнелер арқылы Астананың қорғаныш элементтері көрсетілген. Қазақстанның картасы көпұлтты xалықтардың ортақ үйі ретінде бейнеленеді. Қазақ Елі монументіндегі Самұрық құс - кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы. Сондай-ақ бүгін бес мың теңгелік монета таныстырылды. Монетаның бет жағында Қазақ елі монументінің суреті бейнеленген. 5 мың теңгелік монета алтындалған күншығыс бейнесімен әшекейленген. Оның салмағы 777, 5 грам. Ол да президент күні - 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа шығарылады.

Оразалы Сәбден, Қазақстан ғалымдар одағының президенті, экономист:

Теңгеде халқымыздың ғұламалары болса, ол тарих қой. Ол теңгенің көрген бала мына кісі кім дейді, оны алып, оқып көреді. Сондықтан теңгеде тарихи тұлғалардың болғаны дұрыс.