Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының ХХІІІ конференциясы атыраулық филиалға бірқатар міндеттер жүктеді

AstanaTV
16.11.2016ж. 20:00
3383
«Нұр Отан» партиясының ХХІІІ конференциясы атыраулық филиалға бірқатар міндеттер жүктеді

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейту, халық арасындағы өзекті мәселердің шешімін табуына ықпал ету, сыбайлас жемқорлықпен күресті қатаңдату. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының ХХІІІ  конференциясында осы мәселелерге басымдық берілді. Конференция жұмысына партияның хатшысы Қаныбек  Жұмашев қатысты. Жиын барысында партияның әлеуметтік бағыттағы жобаларының орындалу барысы да сөз болды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей қалған жастардың қоғамнан өз орнын табуына бас партия көмектесіп отыр.

Өркен Тәжібаев, "Нұр Отан" партиясы Құрманғазы аудандық филиалының бірінші орынбасары:

Биыл біз ҰБТ-ға қатысып, шектік балл жинай алмаған 50 оқушымызды қазіргі уақытта үлкен мекеме, кәсіпорындарға келісімшарт негізінде ауыл шаруашылық саласы, маусымдық және ұзақ мерзімді жұмыстарға орналастырып отырмыз.

Аймақта 136 бастауыш партия ұйымы бар. Оған 32 мыңнан астам адам топтасқан. Партияластарының арасынан сайланған 250 делегат саяси кеңестің атқарған жұмыстарын тыңдады. «Нұр Отан» партиясы өткізген сауалнама нәтижесі бойынша, бұқараны сыбайлас жемқорлықтың белең алуы, жұмыссыздар санының артуы, баға тұрақсыздығы мен денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер алаңдатып отыр. Осыған орай қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын арттырып, әлеуметтік өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету басты назарда қала бермек.

Қанат Әзмұханов, Атырау қалалық мәслихатының хатшысы, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Бүгінгі «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық конференциясында барлық деңгейдегі мәслихаттарды «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында көзделген бағыттағы, соның ішінде, атап өтсек, әлеуметтік, жастармен жұмыс, мүмкіншілігі шектеулі жандарға көмек көрсету бағытындағы жұмысты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.