$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Тәуелсіздік пойызы Ақтөбеге келіп жетті

AstanaTV
21.11.2016ж. 20:00
2436
Тәуелсіздік пойызы Ақтөбеге келіп жетті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Менің елім» пойызы Ақтөбеге жетті. Құрамында әр саланың мамандары бар делегация аймақтың тыныс - тіршілігін көріп, жұртшылықтың арыз-шағымын тыңдайтын болады. Қабылдауға келгендердің бірі Игілік Оралов 3 жыл бойы келінінің құжаттарын реттей алмай жүргенін айтады. "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына арнайы жазылған ол барлығын рет-ретімен баяндады. Білікті мамандардың арқасында мәселенің оң шешілерінен үмітті.

Игілік Оралов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Келінім 2013-те келін болып түскен еді, ешқандай документ ала алмады. Бүгін қабылдау күні дегенге келдім. Жолығып шықтым жаңа ішке. Бәрін осы аптада істеп береміз деді. Өзім жұмыссыз едім, жұмыс та тауып берді. Соған рахмет айтқым келеді.

Пойызда министрлік өкілдері, заңгерлер мен дәрігерлер де бар. Олар жергілікті халықпен бірнеше кездесулер өткізбек. Рухани тағылымды басқосулардан бөлек, мамандар елдің әлеуметтік-медициналық жағдайына да көңіл бөледі. Түйіні тарқамаған мәселе болса, бірден шешімін таппақ. Көпшілік тұрғындарды әсіресе баспана, жер телімін рәсімдеу, жұмыссыздық жайы мазалайтын көрінеді.

Арыстанғали Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісінің орынбасары:

Мақсат - осы пойыз аясында азаматтарға көмек қолын созып, қолдау көрсету.  Және олардың жеке мәселесін шешу болып табылады. Ал, қиын мәселені жазбаша түрде қабылдап, тиісті мекемеге жеткізіп отырмыз.