Франция
үкіметінің экс-басшысы Ален Жюппе праймериздің екінші кезеңінен сүрініп, бұдан
былай президенттікке үміткер Франсуа Фийонды қолдайтынын ресми мәлімдеді. Осылайша
оңшыл-центристік партия атынан 67 пайыз дауыспен жалғыз үміткер қалды. Бұл
жөнінде Рейтерс хабарлайды. Бұған дейін праймериздің бІрінші кезеңінде елдің
экс-президенті Николя Саркози додадан шығып қалған еді.
Айта өтейік, Франсуа
Фийон 2007-2012 жылдар аралығында Франция үкіметін басқарды. Елдегі президент
сайлауы 2017 жылдың көктемінде өтеді деп жоспарланған.
Франсуа
Фийон, Франция президенттігіне үміткер:
Менің
ендігі мақсатым - біздің манифест елді алға ұмтылуға септесерін дәлелдеу.
Әсіресе жұмыспен қамту, экономика секторының өсімін қамтамасыз ете алатынымды
көрсету. Басты парызым - Франция жұртшылығының сеніміне ие болу.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА