Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Тұңғыш президент күнгі форум, Франция және Қырғыз Республикасының президенттері келесі сайлауға түспейді...

AstanaTV
03.12.2016ж. 20:00
2309
Тұңғыш президент күнгі форум, Франция және Қырғыз Республикасының президенттері келесі сайлауға түспейді...

Тұңғыш Президент күніне орай Астанада тұңғыш Президенттің қатысуымен жастар форумы өткен. Н.Назарбаев жаңа буынға көп нәрсе айтты. Ең маңыздысы мынау сияқты:

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы ғылымды қамтитын экономикаға негізделуге тиіс. Әлем жаңа технологиялық дәуірге аяқ басты. Оның үрдістері таңғалдырады, тәнті етеді және тамсандырады, сонымен бірге ол елдің келешегіне қатысты мәселеге орай қатаң талап қояды. Болашақ біздің алдымызға мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, жетіл немесе жоқ бол!  

Кенжебек Сержанұлы, ақын:

Елбасымыз әрдайым адал еңбек етіңдер, өздеріңнің алған мамандықтарыңмен, шынайы кәсіптеріңнен алу арқылы жұмыс жасаңдар дейді. Сол арқылы ертең егемендігіміздің нығаюына кішкентай болса да үлестеріңді қосасыздар дейді. Осы сөздер біздер үшін, жалынды жастар үшін үлкен рух болды.

Нартай Нұрланұлы, «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшесі:

Президентті жоқ, өмірімде көргем жоқпын бүгін сол бірінші рет көрейін деп отырмын форумда. Сол үшін арнайы келдім, көру үшін.Анаға махаббат пен Отанға махаббат бір сияқты. Сен анаңды қалай қорғайсың, Отаныңды да солай қорғау керексің.

Соңында қайырмасында «Нұрсұлтан» деген сөзі бар өлең айтылып, жастар Президентпен кезекпе-кезек суретке түсті.

Ал Франция президенті Франсуа Олланд келесі жылы өтетін президент сайлауында кандидат болмайынын мәлімдеді, деп хабарлады, Интерфакс. Яғни сайлауға түспейді. Президенттікті жалғастыру ойы жоқ. Олланд шешімін TF1 телеарнасының тікелей эфирінен айтқан. «Кең қолдау болмаса, демарш жасаудың қаншалықты тәуекел екенін түйсінемін» деген. Жағдайды айқын бағалайтынын білдірген. Ол өзінің уәделері туралы санамалап, оларды ақырындап орындалып жатыр, деген. Мысалы, Олландтың айтуынша, жұмыссыздық сәл де болса төмендеген. Террор қаупі туғанда ұлттың ыдырамағанын жетістігі ретінде келтірген. Не керек, көп нәрсе айта келіп,  «бүкіл жауапкершілікті мойныма аламын» деген. Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев та келесі жылы болатын президент сайлауына түспейтінін айтты. Желтоқсанның бірінде дәстүрлі өтетін баспасөз мәслихатында хабарлаған. ru.sputnik.kg порталының жазуына қарағанда сайлауға қайта түсу туралы қозғаған әріптестеріне, яғни өзге елдің басшыларына  -ел кімді лайықты санаса, соны сайлап алатынын айттым ,- деген.  

Осы баспасөз мәслихатында Алмазбек Атамбаев ЕЭО байланысты былай депті:
«Егер Еуразия экономикалық одағына енбегенімізде тұтас блокада болар еді. Қазір біздің достарымыз саналатын елдер тарапынан жасырын блокада бар. Мен оны Астанада айтуға мәжбүр болдым...  Тең болуды ұсындым. Тіпті жануарлар тең дәрежеде болатын, бірақ кейбіреулері «теңірек»  Джордж Оруэллдің романын еске алдым...Егер ЕЭО –да «ағалар» болса, бірден анықтайық. Одақ құрғымыз келсе, бәріміз тең болуымыз керек».