Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайланды

AstanaTV
05.12.2016ж. 20:00
3435
Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.

Кеше Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, онда Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті. Оның саяси додада озып шығатынын көпшілік күткен еді. Алдын ала есеп бойынша болашақ президентке сайлауға қатысқан халықтың 88 пайызы дауыс берген.

Осы күнге дейін ел президентінің міндетін атқарып келген ол 13 жыл елдің премьер-министрі болып қызмет етті. Мирзиёевтің сайлауалды бағдарламасы Ислам Каримов салып кеткен бағытты әрі қарай дамытуға негізделген.

Жалпы ел басқаруға үміттілер саны төртеу болды. Мерзімінен бұрын ұйымдастырылған сайлау жексенбі күні өтті. Дауыс беру процесіне бірінші рет халықаралық бақылаушылар қатысқан. Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысы 10 күннен кейін жарияланады. Заң бойынша 2 айдың ішінде жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтуі керек.