Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгереді

AstanaTV
03.02.2023ж. 10:35
1811
Мұғалімдер кәсіби мерекесінің датасы өзгереді

Мұғалімдер күні 5 қазан боп бекітілмек деп хабарлады turkystan.kz.

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Оған сәйкес, енді Қазақстанда мұғалім күнін қазанның бірінші жексенбісінен нақты 5 қазанға ауыстыру жоспарланып отыр. Қолданыстағы ҚР мерекелік күндердің тізбесінде «Мұғалім күні» кәсіби мерекесі қазан айының бірінші жексенбісіне белгіленген.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы тапсырмасын орындау мақсатында енгізілмек.