Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Соңы өлімге алып келетін қауіпті ойын тарады

AstanaTV
03.02.2023ж. 20:00
1516
Соңы өлімге алып келетін қауіпті ойын тарады

Әлеуметтік желіде соңы өлімге алып келетін қауіпті ойын тарады. Балалар қазнетте танымал болған челенджді орындаймыз деп, жаға ұстатарлық трюктар жасап жүр. Батыс елдерінен шыққан бұл контент ата-аналарды уайымға салды. Қазнетті шулатқан ақпарат туралы толығырақ Аружан Задабек айтып береді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

TIK-TOK желісінде хит болған трендпен мен де түсіргім келіп тұр. Сақтықта қорлық жоқ дейді ғой, алдымен қар бар, мамық жерді тауып алайын. Ойында екі адам үшінші адамды ортаға алып, «үшеуіміз бірге секіреміз» деп алдап, оны аяғынан шалып құлатады. Маған қасымдағы қос әріптесім көмектеседі.

Міне, шалқамнан бір-ақ түстім. Белімнің сәл ауырып қалғаны болмаса, бәрі жақсы. Ал оқушылар кез-келген жерде осы трюкті қайталап жүр.

Әлеуметтік желіде танымал болу үшін қауіпті трюк жасайтындар көбейді. Әдетте, мұндайды кәсіби не әуесқой акробаттар не өзге мамандар жасайды да, желі қолданушылары оны қайталайды. Бірақ одан төнер қауіпті көбі ескере бермейді. Әсіресе, желіде жиі отыратын жеткіншектер бұл трендті жақсы біледі. Әлі оң-солын танымайтын бүлдіршіндер бұл ойынның опық жегізерін біле ме екен деп, бірнешеуін сөзге тартып көрдім.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

 – Көргенсің ба видеоны? – Иә! – Мұны істеуге бола ма, болмай ма? – Болмайды. – Неге болмайды? – Адам құлап түседі, өледі. Папам көрсеткен.

– Көргенсің ба мынандай тик-ток бар екенін? – Иә. –Қазір балалар осылай ойнайды екен. Осындай челендж бар екен тик-токта. Осылай құласа не болатынын білесің ба? – Білемін, бас ауырады.

– Иә, иә көрдік. – Қаншалықты дұрыс мұндай ойынды ойнаған? – Жоқ, бұл дұрыс емес. Өйткені осы ойын арқылы балалардың басы жараланады. Міне, дәл осы видеода осы аға қайтыс болып қалған.

Шетелде бұл ойынды ойнаймын деп о дүниеге аттанғандар бар. Оны балалар да біліп отыр. Абырой болғанда, мұндай сұмдық елімізде тіркелмеген. Бірақ бұл алаңдайтын негіз жоқ дегенді білдірмейді. Ел болып дүниені дендеп бара жатқан дертпен алдын-ала күресу қажет.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бұл тик-токқа біз еш уақытта бұғаттап, жауып тастай алмаймыз. Сондықтан бұл жерде тек қана профилактикалық жұмыс жүргізілуі керек деп ойлаймын. Ана-аналар балаларының өзімен-өзі қалуына, барлық уақытын өз проблемаларымен бетпе-бет қалуына жол бермеу керек.

Дәрігерлер де ата-аналарға балаларына сақ болуды сұрайды. Олармен сөйлесіп, трюктарды қайталаудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіруге кеңес береді.

Олжас ЖҮНІСОВ, ТРАВМАТОЛОГ:

Басқа, мойынға зақып келіп, бастың соғылуына, сотрясения, болмаса бас сүйегінің сынуына, ол өз кезегінде кома, өмір бойы мүгедек болып қалу қауіпі де бар. Тағы да мойын, бел омыртқаларына сынық болса, болмаса жұлын үзілсе, аяқ-қолдың салдануы да мүмкін. Сондықтан бұл челленджді қайталамаймыз.

Елімізде жеткіншектер арасында желіден жапа шеккендер саны 10 есе өскен. Былтыр 100-ден астам бала блог түсіремін деп бақилық болды.

А. Задабек