$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Италияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250 адамға жуықтаған

AstanaTV
25.08.2016ж. 20:00
3467
Италияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250 адамға жуықтаған

Италияның орталығында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-адамға жуықтаған. Ел билігі 368 тұрғынның зардап шеккенін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды BBC. Италияның денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, құрбандар саны бұдан да артуы мүмкін. Қайтыс болғандар арасында балалар да бар.

Қазір жер сілкінісі болған қалаларда 4 300-дей құтқарушы мен ерікті жұмыс істеуде. Олар арнайы құрал арқылы қирандылар арасынан адамдарды іздеп жүр.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Италияның орталық бөлігінде магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болды. Салдарынан шаһардың басым бөлігі қирап қалған.