Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Біздің уақыт» бағдарламасы «Тіл тұғыры-2016» байқауында үздік атанды

AstanaTV
25.08.2016ж. 20:00
3421
«Біздің уақыт» бағдарламасы «Тіл тұғыры-2016» байқауында үздік атанды

«Астана» арнасы тағы да үздіктер қатарында! Белгілі тележурналист Жайна Сламбек жүргізетін «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы «Тіл тұғыры-2016» байқауында «озық» деп танылып отыр.

 «Астана» арнасындағы «Біздің уақыт» бағдарламасы.

«Тіл тұғыры-2016» байқауы Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасымен тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.  Мақсаты - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту әрі насихаттау. Өзге байқаулардан ерекшелегі - жеңімпаздар арнайы мониторинг арқылы іріктелді. Яғни қатарына ғалымдар, қоғам қайраткерлері және кәсіби журналистер тартылған төрешілер бір жыл көлемінде көгілдір экраннан шыққан әрбір өнімді саралап, қазақ тілінің жанашырларын анықтап отырған.

Жайна Сламбек, «Біздің уақыт» бағдарламасының редакторы, жүргізушісі:

«Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін» деген номинация бойынша «Біздің уақыт» бағдарламасының марапатталғаны «Біздің уақыттың» материалдарының терең екенін, сараптамаларының салмақты екенін, жалпы тұшымды дүниелер дайындайтынын дәлелдейді деп айтқым келеді. 

Құралай ПИОНЕР