Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мәдениет және спорт министрі мен ҰОК президенті жеңімпаздарды құттықтады

AstanaTV
25.08.2016ж. 20:00
2494
Мәдениет және спорт министрі мен ҰОК президенті жеңімпаздарды құттықтады

Риода жерлестеріміз алғашқы алтынын алғанда ерекше қуанған Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Елбасына «Бұл жеңіс Сізге және Елімізге арналады» деген хабарлама жолдапты. Ол бүгін жеңімпаздармен кездесуінде бұл туралы айтып берді. Спортшыларға деген шексіз ризашылығын да жеткізді.

Тимур Құлыбаев, Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы:

Сандаған кедергілерге, небір жайсыздықтарғаа қарамастан, біздің спаортшылар өздерінің мықтылығын дәлелдеп, ел абыройын бір көтеріп тастады. Көрсеткіштер тамаша. Сіздерге рахмет!

Басқосуда жеңімпаздарды Мәдениет және спорт министрі де құттықтады. Спортшылардың жүздері жадыраңқы, шаршағаны басылғанға ұқсайды. Сайыпқырандарымыз енді біраз уақытқа дейін келелі кездесулердің басты қонақтары болатыны даусыз. Бүкіл елдің рухын бір көтеріп тастаған саңлақтар әлі де толқу үстінде.

Дмитрий Баландин, Рио Олимпиадасының чемпионы:

Жүзіп келген соң, өз аты-жөнімді көргенде, өз өзіме сене алмадым. Алайда кейін марапаттау рәсімінде туымыз көкке көтерілгенде, ұлы мемлекеттің туын асқақтатқаныма қуанып, көзіме жас үйірілді, баршаңызға алғысым шексіз.

Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының чемпионы: 

Жанкүйерлерімізге алғысымыз өте үлкен. Сіздердің қолдауларыңыздардың арқасында Рио төрінде үлкен жеңіске жеттік. Бапкерлерімізге осы бізді дайындаған үлкен алғысымды білдіремін.

Олимпиада жүлдегерлері болса, біраз тыныққаннан кейін жаттығуларын жалғастырмақ. Арасында келесі олимпиадаға дайындықты осы бастан жоспарлап жүргендері де бар.