Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордада аймақты жылумен қамтамасыз ететін 7 жоба іске аспақ

AstanaTV
25.08.2016ж. 20:00
2203
Қызылордада аймақты жылумен қамтамасыз ететін 7 жоба іске аспақ

Қызылордада тозығы жеткен жылу жүйелері жаңартылуда. Бұл соңғы 10-15 жылда күрмеуі қиын мәселеге айналған. Жылу жабдықтарын жаңғырту үшін қолға алынған 7 жоба мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында іске асып отыр. Жұмыстардың сапалы атқарылуы "Нұр Отан" партиясының назарында.

Әсіресе құбырларды ауыстыратын мердігерлердің еңбек өтілі, жұмыстың кестеге сай жүруі, қаржының мақсатты жұмсалуы да бақылауға алынған. Партияның бақылау комиссиясы мемлекет қаржысына салынып жатқан құрылыстардың сапасын қадағалап жүр. Тексеріс нәтижелері партияның депутаттық фракциясы жанынан құрылған, "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту» комиссиясының отырысында талқыланып келеді. Су құбырларын да алмастыру жоспарланып отыр.

Марат Мейірбеков, Қызылорда облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Тоғыз жобаға 4,8 миллиард теңге бөлінді. Оның бір миллиард теңгесі жеті жылу жүйелерін жаңғыртуға бөлінсе, екі жоба - ауыз сумен қамту жобалары - 3,8 миллиард - Арал және Қазалы аудандарына, Сексеуіл және Әйтеке-би кенттеріне бөлініп отыр. 

Ерғазы Қожақов "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы:

Өз мерзімінде беріліп болады. Өйткені барлық осы уақытқа дейін бөлінген қаржы игеріліп, ешқандай көтеріліп тұрған мәселе жоқ, барлығы өз кезенінде жүргізіледі.

Бүгінде, сумен қамту жобалары бойынша да мердігерлер анықталған. Олар жұмысты бастауға әзір. Жалпы, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін облыста 28 нысанның құрылысы жүргізілген. 

Шарипа САҚТАПОВА