Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркия бесіктей тербеліп жатыр: 7000-ға жуық адам зардап шеккен

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
1063
Түркия бесіктей тербеліп жатыр: 7000-ға жуық адам зардап шеккен

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты. Ал зардап шеккендер 7 мыңның шамасында. Елде төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сириямен шекарадан 90 шақырым жердегі Газиантеп қаласында 7,8 балдық жер сілкінісі болды. 7 провинцияда жер дүмпуі сезілген.

Ихсан ЧЕТИНТАС:

Әйелім мені кенеттен оятқанда мен ұйықтап жатқан едім. Өте қатты, өте қорқынышты жер сілкінісі болды. Барлығы жаяу жүрді. Екі минуттың ішінде бәрі үйіндіге айналды.

Биркан РИЗВАН:

Менің бұл пәтерде бір досым бар, оның балалары жоғарғы қабаттан құтқарылды, бірақ қызы қолын сындырып алды.

Алеппо провинциясында да көптеген ғимарат құлады. Жер асты дүмпулері Латакия, Хама және Тартуста сезілді

Фуат ОКТАЙ, ТҮРКИЯНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

1710 ғимарат толығымен қирады. Барлығы 2786 іздестіру-құтқару қызметінің қызметкерлері кезекшілік етеді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты олар апат аймақтарына кешігіп жетіп жатыр.

Жер сілкінісі салдарынан Хатай ауданы Топбогазы ауылының маңында газ құбыры жарылды. Өртті сөндіре алмай жатыр. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Сондай-ақ, жабдықтардың зақымдануына байланысты Сирияның Баниас қаласындағы ең ірі Мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты.

Сүлейман СОЙЛУ, ТҮРКИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазір барлық губернатор өз міндеттерін орындауда. Өңірлерге құзырлы органдар, полиция, Қарулы Күштер, Төтенше жағдайлар топтары, Іздеу-құтқару топтары жіберілді.

Зардап шеккендердің арасында Қазақстан азамматтары жоқ. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда консул Түркияның төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен тікелей байланыста. Қаза болғандар мен зардап шеккендер ішінде Қазақстан азаматтары табылған жоқ.

Еуроодақ пен НАТО көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Билік алдағы сағаттарда құрбан болғандардың саны күрт артуы мүмкін деп отыр. Елде төтенше жағдайдың ең жоғары деңгейі енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Ердоғанға көңіл айтты. Үкіметке шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер барады.