Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте қаңғыбас ит-мысыққа бюджеттен 140 млн теңге қаралды

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
887
Шымкентте қаңғыбас ит-мысыққа бюджеттен 140 млн теңге қаралды

Шымкентте қаңғыбас иттерді кастрациялап, зарарсыздандыруға бюджеттен 140 млн теңгеге жуық қаржы қаралды. Бұл жұмыстарды атқаруға білек сыбанып отырғандарды анықтау үшін конкурс жарияланған. Былтыр мегаполисте 40 мың ит пен мысық ауланды деген жауапты басқарма басшысы биыл болжаммен соның тең жартысын есепке алып отырғандарын айтады. 140 млн теңгенің 84 млн-ы кастрациялауға жұмсалады. Егер қаражат артылып жатса, бюджетке кері қайтарылады. Ал, кастрацияланып, зарарсыздандырылған жануарға чип тағып, қоршаған ортаға қайта жіберіледі.

Әбунасыр ЖАНБАТЫРОВ, ШЫМКЕНТ қ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кастрация жасалғаннан кейін ветеринар врачтар болады ғой сол оқшаулау орталығында, оның агрессивтігі қаншалықты білдіретіндігі оның бәрі байқалады, сол байқаудан өткеннен кейін барып жібереледі ол мекендеу орталығына.

Иесі бар ит-мысықтар да тіркеуге алынады. Болмаса, егесіне 5-10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал қазынаның қыруар қаржысын ит пен мысыққа жұмсауға қатысты елдің пікірі екіге жарылды. Бірі қаңғыбас жануарларға жаны ашыса, кейбірі "бұл- миллиондарды ысырап қылу" дейді.

БЛИЦ:

- Ит-мысық қазір көбейіп кеткен қалады. Кастрациядан гөрі ұйықтатқан дұрыс деп ойлаймын. Өйткені кастрация ол көбеймеу дұрыс әрине, бірақ дегенмен иттің өзі бірәз жыл өмір сүреді, дегенмен адамға зиян келтіреді ғой қанша дегенмен.

- Оны енді ұстайтын жер болса сол жерде ұстап, өздері асырайтын жер болса, асырап неғылу керек та, көше-көшеге болмайды ғой, балаларды тістейді.

- 140 млн теңге ол аз ақша емес. Оны ит-мысыққа бөлгенше адамға бөлген дұрыс деп білем. Қанша миллиондап ақша кетіп жатыр да, ол ертең пайдасы жоқ нәрсе ғой енді...

А. Төребекқызы