Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістан облысында мақта зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд теңгеге жеткен

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
702
Түркістан облысында мақта зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд теңгеге жеткен

Елімізде доллар бағамы арзандап жатыр. Шетелдік валюта құны бүгін 458 теңге болды. Оған 1ақпанда АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0,25 процентке көтеруі себеп дейді,- экономист Мақсат Халық. Сарапшының пікірінше, бұған дейін Америка Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені үлкен көлемде көтеріп отырған. Дегенмен экономист бұл уақытша құбылыс деп отыр. Өйткені Наурыз айында доллар қайта көтерілу мүмкін дейді.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Теңгеміздің күшейіп жатқан себебі, қазіргі уақытта бізде үлкен салықтық кезең. Көптеген компаниялар әлі өткен жыл бойынша әлі салықтарын жауып бітпей жатыр. Бұл енді наурызға дейін жалғасады шамамен. Олар сол өздеріндегі долларларды теңгеге ауыстырады, теңге сатып алады. Теңге белігілі дәрежеде күшейіп тұрған факторлары ретінде қарастыруға болады.

Түркістан облысында мақта зауыттарының шаруаларға берешегі 1,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы айтты. Әкімдік аталған қаражат 15 ақпанға дейін дихандарға толық қайтарылады деп сендірді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бүгінгі күнге шитті мақтаны қайта өңдеуге тапсырған 11,5 мың тауар өндірушілердің 96%-ның қаржысы мақта өңдеу зауыттарының тарапынан толығымен төленді. Ал қалған шаруа қожалықтардың 1,2 млрд теңге көлеміндегі қаржысын ағымдағы жылдың15 ақпанына дейін толық төленетіндігіне кепілдік берілді.

Отандық автонарық бір жылда көшбасшы елдерді артта қалдырды. Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлады. Автомобиль нарығы мен автоөнеркәсіптің көшбасшысы саналатын Қытайдың өзі автокөлік сатылымдары бойынша бір жыл ішінде 4,4% - құрады. Ал, Қазақстанда жаңа жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техниканың сатылымы бір жылда 5,3% - ға өсті. Атап айтсақ, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Республикада сатылған жаңа автомобильдердің жартысынан көбі екі жетекші брендке - Chevrolet және HYUNDAI-ға тиесілі болды. Chevrolet сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 17,8% - ке, Hyundai сатылымы бірден 27% - ке өсті. Топ-5-ке Kia , Toyota және Lada автокөліктері кірді.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Республикада сатылған жаңа автомобильдер:

Chevrolet - 34,3 мың - бір жылда 17,8% өскен

HYUNDAI - 28,9 мың - бір жылда 27% - ға өскен

Kia - 14,4 мың

Toyota - 9,6 мың

Lada - 7,4 мың

Б. Сатуов