Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ішкі істер министрлігі полицейлерді парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесімен бөлісті

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
1051
Ішкі істер министрлігі полицейлерді парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесімен бөлісті

Ішкі істер министрлігі полицейлерді парасаттылыққа тексерудің алғашқы нәтижесімен бөлісті. Қаңтар айында пилоттық жоба іске қосылған болатын.

Соның аясында Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілген. Тексеріс кезінде тәртіп сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас деңгейі, өтініштерге жедел әрекет ету қабілеттілігі бағаланды. Сондай-ақ, қызметкердің киімі материалдық-техникалық жарақтандырылуы,қызметтік планшеттерді, жетондарды,автокөліктерді мақсатты пайдалануы тексерілді. Жоба іске қосылған қысқа мерзімге қарамастан тексеру нәтижелері өз тиімділігін көрсетті. Өтініштерге жедел қызмет көрсетіле бастады, қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, дұрыс және сыпайы жауап беруге ұмтылуда дейді құзырлылар. Бұл қызмет көрсету моделінің принциптеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар тексеру профилактикалық тұрғыдан да әсер еткенін айтады.

Әділғожа ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ІІМ ӨҚД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Тексеріс кезінде құқық бұзушылықтар емес, сыртқы қызметтердің жұмысындағы кемшіліктер анықталды.Тексерістер біздің азаматтар кездестірген немесе тап болуы мүмкін өмірлік жағдайларды жасау тұрғысынан өткізілді. Бастапқы кезінде тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылмайды. Басты мақсат кемшіліктерді анықтап зерделеу және осындай фактілерді жою үшін шаралар қабылдау.Тексерілістер жиі жүргізілетін болады.

М. Жолдыбалин