Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Тобыл өңіріндегі бастамашыл топ уақыт белдеуін ауыстыру мәселесін тағы көтерді

AstanaTV
06.02.2023ж. 20:00
1542
Тобыл өңіріндегі бастамашыл топ уақыт белдеуін ауыстыру мәселесін тағы көтерді

Табиғи уақыт белдеуінің ауытқуы -адам денсаулығына қауіпті. Тобыл өңіріндегі бастамашыл топ осылай дабыл қаққалы бірнеше жыл болды. Олар сағат тілін кері жылжытуды талап етіп отыр. Қазір Қостанай облысының стандарттық уақыты өзінің географиялық белдеуінен 1 сағат 46 минутқа озық. Сағат белдеуінің салдары жөнінде Заңғар Санай сабақтайды.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Тобыл өңірінде уақыт белдеуі соңғы рет 2005 жылы өзгертілді. Содан бері аймақ тұрғындары жазғы уақытқа ауысу деген ұғымды мүлдем ұмытқан. Қазір таңертеңгі сағат сегізде дала тас қараңғы. Күн тоғыздан аса шығады.

Бәзбіреулер үшін уақыт белдеуін өзгерту экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. Бірақ әлеуметтік өзектілігін де ескерген жөн. Қоғам белсенділері табиғи ырғақтан ауытқудың аса қауіпті екенін ескертіп, табиғи уақытың теңестірілуін талап етуде.

Давид МАМЕДОВ, «АТА-АНАЛАР» ОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ:

Балаларымыздың денсаулығы үшін. Олар дұрыс білім алуы үшін табиғи уақыттың қайтарылғаны абзал.

Аркадий ДЕНИСОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Сағаттық белдеуді ауыстыру үшін ақшаның керегі жоқ. Ал шенеуніктер ақша бөлінетін мәселеге ғана көңіл аударады.Сондықтан бұл проблема әу бастан әкімге қызық емес деп ойлаймын. Алайда уақытты тез ауыстыру керек.Табиғи уақытты ертерек теңестірсек, талай бүлдіршіннің психикалық дертке шалдығуының алдын аламыз.

Қостанай мен Қызылорда облысы бір бойлықта жатыр.Бірақ екі өлкеде екі бөлек уақыт. Сыр өңірінде 2018 жылы сағат тілі кері жылжыған. Бастаманы қоғам белсендісі Болат Нұрқожаев көтерген еді. Қолданбалы хронобиология маманы Қостанай облысының да сағаттық белдеуін қайтаруға белсенді атсалысып келеді.

Болат НҰРҚОЖАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, ҚОЛДАНБАЛЫ ХРОНОБИОЛОГИЯ МАМАНЫ:

Қазіргі уақыта Қостанайда таң тоғыздан аса атады. Қыстың күндері.Оның балалар ұйқысыздығы денсауалығына, психикасына тіптін зорлық ол. Әлі миы оянбаған баланы біз мектепке оятып сабаққа жіберіп жатырмыз.Таң атуынан ерте тұрғызған оның тез ұйқы фазасына ремсон дейді сол бұзылады. Ол миға қажетті, ойлану қабілетіне, интелектіге қабілетті фаза. Біз соны бұзып жатырмыз.

Тобыл өңірін табиғи уақытымен теңестіру мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Ведомства аралық комиссия да құрылды. Халық қалаулылары тиісті министрліктерге депутаттық сауал жолдады. Бірақ қомақты қаражат пен ғылыми зерттеуді қажет етпейтін мәселені шешуге не кедергі, кім тосқауыл екені әзірге түсініксіз. Бұған дейін Қостанай облыстық әкімдігі уақытты ауыстыру жөнінде қоғамдық тыңдалым өтетінін хабарлаған. Алайда аймақ шенеуніктері қашан, қайда болатынын дөп басып айтпай отыр.

З. Санай